
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы №18-02/45 бұйрығымен бекітілген «Орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру» қағидасының 7-тармағына сәйкес
«Қазалы қаласы әкімінің аппараты» КММ Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласының жерін кеңейту үшін 114,0 гектар жерді тұрақты пайдалануға беру жөніндегі қоғамдық тыңдау 2021 жылдың 02 шілде күні сағат 11:00-де Қазалы қаласы, Түктібаев көшесі №43А мекенжайда орналасқан Қазалы қалалық мәдениет Үйінде өтетінін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, қоғамдық тыңдауға қала ардагерлері мен қоғамдық ұйым өкілдері, қала тұрғындары, кәсіпкерлер, Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің мамандары шақырылатынын назарға саламыз.
Ескертулер мен ұсыныстарды 8/72438/51134 телефон нөмірінен ақпарат алуға болады.
«Қазалы қаласы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі