Кірістер
2026 жылғы 1 сәуірге аудан бюджетінің кірістер жоспары 4 548 181,4 мың теңге болса, нақты 4 375 723,8 мың теңгеге немесе 96,2 пайызға орындалды, оның ішінде өз кірістеріміздің жоспары 1 121 472,7 мың теңге болса, нақты 1 189 565,1 мың теңгеге, яғни 68 092,4 мың теңгеге артық немесе 106,1 пайызға орындалды.
Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 3 426 708,7 мың теңге (100 пайыз) трансферттер алынды оның ішінде, субвенция 3 073 586,0 мың теңге (100,0 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер 112 572,7 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 240 550,0 мың теңге (0 пайыз).
Шығындар
Аудан бойынша 2026 жылғы 1 сәуірге шығындар жоспары 4 067 265,6 мың теңге болса, нақты 3 825 588,2 мың теңгеге немесе 94,1 пайызға орындалып, 241 677,4 мың теңге қалдықта қалды.