Отандастарымыздың зейнетақы шоттарында 26,87 трлн теңгеден астам қаражат жинақталды  

 

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  2026 жылдың 1 наурызына 26,87 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 4,19 трлн теңгеге немесе 18,5%-ға өсті.

2026 жылдың 1 наурызында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 25,23 трлн теңге. Бір жылдағы өсім 3,35 трлн теңге (15,3%). 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 746,91 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 14,8%.

Дата публикации
16 апреля 2026