Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қазалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген шешіммен айқындалған Қазалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібінде:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер алушының жиынтық кірісін «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (әрі қарай – Қағидалар) айқындалған тәртіппен «Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – уәкілетті орган) есептейді.»;
4-тармақ алынып тасталсын;
5 және 6-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері уәкілетті органмен Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептеледі.
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оның «Қазалы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.