«Қазалы Су-сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (бұдан әрі –кәсіпорын) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Талдау барысында аталған бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі зерделенеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылды қамтиды.
Осыған орай, аталған кәсіпорынға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса Әйтеке би кенті, Ә.Әбілов көшесі №11а мекенжайда орналасқан «Қазалы Су-сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына келуге болатындығы жеткізіледі.