«Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің 142-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қарашадғы № 201 (2025 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
- «Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.