«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1997 жылғы 16 сәуірдегі 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 417 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының 39-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) сәйкес Қазалы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.