«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабынының 1-тармағының 1)-тармақшасына және 2-тармағына сәйкес Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 21 қаңтардағы №АСК-2/683 қаулысымен заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қазалы ауданының Өркендеу ауылдық округінің әкімін төте сайлау 2026 жылғы 1 наурызға тағайындалды.
Қазалы ауданының Өркендеу ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 22 қаңтарда басталады және 2026 жылғы 3 ақпанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2026 жылғы 8 ақпанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120400, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі №60 («Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі» КММ ғимараты), №26, 27 бөлмелері, телефон/факс: (872438) 22-1-27, 21-3-01 е-mail: kazalisaikom@mail.kz, tic_kzl_kaz@saylau.kz
Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:
|
Аманбай Нұрлан Аманкелдіұлы |
комиссия төрағасы |
|
Иманбаев Қази Кеңесбайұлы |
төрағаның орынбасары |
|
Әбубәкір Мұратбай Қожамұратұлы Жаңбыршиева Хадиша Жәмиқызы |
комиссия хатшысы комиссия мүшесі |
|
Тоқбаев Ербол Бауыржанұлы |
комиссия мүшесі |
|
Төлегенов Ержан Боханбайұлы |
комиссия мүшесі |
|
Тынымбаева Ғазиза Сырлыбайқызы |
комиссия мүшесі |