Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 96-бабының 7-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №347 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазалы аудандық мәслихаты шешімінің жобасы Қазалы аудандық мәслихатының қарауына ұсынылсын.
- Қаулының орындалуын бақылау жасау салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.