Зейнетақы жинақтарының лайықтылығы және ерікті зейнетақы жарналарының артықшылықтары  

 

 

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

 

  • "Зейнетақының лайықтылығы" ұғымын қалай түсінуге болады?

Ұдайы өзгеріп отыратын демографиялық құрылым, халықтың қартаюы және еңбек нарығының өзгеруі жағдайында лайықты қартаюды қамтамасыз ету мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің біріне айналады. Сондықтан зейнетақы лайықтылығының Қазақстанда, әсіресе зейнетақының ынтымақты бөлігінің үлесінің төмендеуі және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өсіп келе жатқан рөлі аясында маңызы арта түседі.

 

Дата публикации
08 декабря 2025