2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,84 трлн теңгеге жетті. 12 айда 4,27 трлн теңгеге немесе 19,8%-ға артты.
2025 жылдың 1 қарашасында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,46 трлн теңге. Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 18,0% артық. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 727,11 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 14,7%. Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) еншісінде. Жарналардың бұл түрі 30,0% артып, көлемі 9,56 млрд теңгеге жетті.