2014 жылдан бергі таза инвестициялық кіріс 13,6 трлн теңгеден асты
Зейнетақы активтері «БЖЗҚ» АҚ-ға (БЖЗҚ, Қор) шоғырландырылған 2014 жылдан бастап 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жинақталған таза инвестициялық кіріс 13,60 трлн теңгеге тең. Зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі жүзеге асырылған төлемдерді қоса алғанда 42,3% жетті. Бұл азаматтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда инвестициялық қызметтің елеулі орын алатынын білдіреді.
Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіш бойынша жасаған жөн.