Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 25,73 трлн теңгеден асты

 

 

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  25,73 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,56 трлн теңгеге немесе 21,5%-ға артты.

2025 жылдың 1 қазанында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,40 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 19,8%. 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 726,94 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 15,6%.

Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 32,8% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі – 9,47 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 қазанына 596,18 млрд теңге болды.

Дата публикации
21 ноября 2025