Орман қоры жерлерін елді мекен жеріне ауыстыру туралы

 

Қазақстан Республикасының жер кодексінің 2, 109-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Қазалы ауданы әкімдігі мен Қазалы аудандық мәслихаты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ/ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазалы ауданы «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жанқожа баба» орманшылығы, «Қарақұм» орманшылығы №60,61 орам, Сарыбұлақ орманшылығы аумақтарында орналасқан, жалпы ауданы 413,0 гектар орман қоры жерлерінің санатын, орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін Қазалы ауданы, Қазалы қаласын, Ажар, Сарыбұлақ, Тасарық, Тасөткел елді мекендерін кеңейту мақсатында елді мекен жеріне ауыстырылсын.
  2. Жоғарыда көрсетілген жер учаскесінің пайдалану мақсаты – тұрғын үй салу және елді мекен инфрақұрылымын дамыту.
  3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына және Қазалы аудандық мәслихатының тиісті тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

 

        

 

Дата публикации
21 ноября 2025