"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы, 2-тармағының 11) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- "Қазалы қаласына және Әйтеке би кентіне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 шілдесіндегі №98 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28757 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбындағы және 1-тармағының мәтініндегі "қасбеттерін, шатырларын" деген сөздер "сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.