Кірістер
2025 жылғы 1 қазанға аудан бюджетінің кірістер жоспары 13 758 126,7 мың теңге болса, нақты 13 638 306,6 мың теңгеге немесе 99,1 пайызға орындалды, оның ішінде өз кірістеріміздің жоспары 3 087 410,5 мың теңге болса, нақты 3 504 838,4 мың теңгеге, яғни 417 427,9 мың теңгеге артық немесе 113,5 пайызға орындалды.
Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 10 133 468,2 мың теңге (95,0 пайыз) трансферттер алынды оның ішінде, субвенция 4 689 765,0 мың теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер 1 687 198,0 мың теңге (99,0 пайыз), нысаналы даму трансферттері 3 756 505,2 мың теңге (87,8 пайыз).
Шығындар
Аудан бойынша 2025 жылғы 1 қазанға шығындар жоспары 13 987 368,5 мың теңге болса, нақты 13 337 922,5 мың теңгеге немесе 95,4 пайызға орындалып, 649 446,0 мың теңге қалдықта қалды.
Республикалық бюджеттен 76,0 мың теңге (100 пайыз), Ұлттық қор 481 648,4 мың теңге (82,4 пайыз), облыстық бюджеттен 42,4 мың теңге (100 пайыз), бюджеттік кредиттен 167110,0 мың теңге (0,0 пайыз), жергілікті бюджеттен 569,2 мың теңге (100 пайыз).