Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының 12 айдағы өсімі 4,60 трлн теңгені құрады
2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 24,84 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,60 трлн теңгеге немесе 22,7%-ға артты.
2025 жылдың 1 тамызында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 23,62 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 21,1%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 704,72 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 14,0%. Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (36,0%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша көлемі 9,06 млрд теңге.