Аудандық және 4-ші деңгейлі бюджеттің 2025 жылғы         1 тамызға атқарылу барысы туралы

Аудандық және 4-ші деңгейлі бюджеттің 2025 жылғы         1 тамызға атқарылу барысы туралы

 

Кірістер

2025 жылдың 1 тамызға аудан бюджетінің барлық түзетілген түсімдер болжамы 9 989 727,8 мың теңге болса, нақты 9 766 156,8 мың теңгеге немесе 97,8 пайызға орындалып, оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы 2 510 036,7 мың теңге нақты   2 700 823,7  мың теңгеге, яғни 190 787,0 мың теңгеге артық немесе 107,6 пайызға орындалды.

Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 7 065 333,1 мың теңге (94,5 пайыз) трансферттер алынды, оның ішінде, субвенция 3 786 000,0 мың теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттері 1 309 327,6 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 1 970 005,5 мың теңге (82,6 пайыз).

 Шығындар

Аудан бойынша 2025 жылдың 1 тамызына барлық шығындар жоспары                             9 865 719,0 мың теңге болса, нақты 9 453 516,8 мың теңгеге немесе                  95,9  пайызға орындалып, 412 202,2 мың теңге қалдықта қалған.

Республикалық бюджеттен 149497,9 мың теңге (67,7 пайыз), Ұлттық қор                    254951,4 мың теңге (76,3 пайыз) облыстық бюджеттен 1898,8 мың теңге (99,9 пайыз), жергілікті бюджеттен 5854,1 мың теңге (99,9 пайыз).

 

Дата публикации
28 августа 2025