Облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жанадиловтың төрағалығымен өткен облыс әкімінің грантына студенттерді іріктеу бойынша үйлестіру Кеңесі отырысының хаттамалық тапсырмаларына сәйкес өңірге қажет мамандықтар бойынша 2025 жылға Қазалы ауданына 9 грант бөлінген.
Атап айтқанда:
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне:
C.Д.Асфендияров атындағы медицина университетінің Жалпы медицина мамандығына 1 грант бөлінген.
Аталмыш көмекті алуға, балалар үйінің тәрбиеленушілері (отбасылық үлгідегі балалар ауылы мекемесінің түлектері) мүмкіндігі шектеулі балалар; жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары; ата-анасының екеуі немесе біреуі зейнеткер болып табылатын, тұрмысы төмен отбасыларының балалары; ата-анасының екеуі немесе біреуі мүгедектігі бар болып табылатын балалар; көп балалы отбасылардың балалары; аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар құжаттарын тапсыра алады.
Грант иегерлерінің тізімі жарияланғаннан кейін, ҰБТ-дан мемлекеттік грантқа іліге алмай қалған халықтың осал топтарындағы мектеп бітіруші балалардан «Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 5 тамызынан бастап 15 тамызына дейін қабылданады.
Мекен - жайы: Әйтеке би кенті, Төремұрат жырау көшесі №7.
Тел: 8(72438)26-0-15
«Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі