Аудандық және 4-ші деңгейлі бюджеттің 2025 жылғы 1 шілдеге атқарылу барысы туралы
Кірістер
2025 жылдың 1 шілдесіне аудан бюджетінің барлық түзетілген түсімдер болжамы 8 288 049,3 мың теңге болса, нақты 8 280 492,3 мың теңгеге немесе 99,9 пайызға орындалып, оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы 8 403 849,6 мың теңге нақты 8 417 597,3 мың теңгеге, яғни 13 747,7 мың теңгеге артық немесе 100,1 пайызға орындалды.
Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 5 914 025,1 мың теңге (98,1 пайыз) трансферттер алынды, оның ішінде, субвенция 3 182 738,0 мың теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттері 1 107 432,6 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 1 713 854,5 мың теңге (93,7 пайыз).
Шығындар
Аудан бойынша 2025 жылдың 1 шілдесіне барлық шығындар жоспары 8 221 827,4 мың теңге болса, нақты 8 105 391,8 мың теңгеге немесе 98,6 пайызға орындалып, 116 435,6 мың теңге қалдықта қалған.
Республикалық бюджеттен 340,9 мың теңге (99,9 пайыз), Ұлттық қор 114 951,4 мың теңге (87,6 пайыз) облыстық бюджеттен 2,5 мың теңге (100,0 пайыз), жергілікті бюджеттен 1140,8 мың теңге (100 пайыз).