Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру 

Әсер ету скринингін қарау туралы

хабарландыру 

 Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:

  • Қызылорда облысы Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық елді мекенінің даму және құрылыс салу схемасын түзету (оңайлатылған бас жоспар) бойынша жұмыстар»;құжатының әсер ету скринингі жөніндегі есеп;
  • Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қожабақы ауылдық елді мекенінің даму және құрылыс салу схемасын түзету (оңайлатылған бас жоспар) бойынша жұмыстар» құжатының әсер ету скринингі жөніндегі есеп.

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС.

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Қазалы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ.

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

  • жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • СЭБ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі:

- бастапқы жыл-01.01. 2024 ж.;

- құрылыстың бірінші кезегі-2030 ж.;

- есептік мерзім-2040 ж.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімдерді өткізу мерзімі: 2025 жылғы 8 шілдеден бастап 22 шілдеге дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылдың 22 шілдесі)

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі -  Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел.: 8 (7172) 74-08-90, 74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:

- электронды түрде эл.адрес Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);

- e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz;

- «WhatsApp» номері: 8 701-847-2853 

 

СЭБ бойынша  материалдар:

Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Әкімдігінің сайтында.

Дата публикации
02 июля 2025