Фрилансерлерге зейнетақы жарналарын қалай аударуға болады?  БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар Фрилансерлер міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті ме, олардың жарна мөлшері қалай есептеледі

 

 

           Әлеуметтік кодекстің нормаларына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) агенттер төлейді. Агент – БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен МЗЖ, МКЗЖ, ЖМЗЖ, ЕЗЖ аударатын, ұстап қалатын (есептейтін) жеке немесе заңды тұлға. Оларға Қазақстан Республикасындағы қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалар да жатады. 

МЗЖ-ны мына санаттарға жататын азаматтар өз бетінше төлейді:

  • жеке кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермерлік қожалықтардың басшылары, олардың 18 жасқа толған мүшелері, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына төлей алады;

Бұл ретте, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс дегеніміз – МЗЖ төленбейтін табысты қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін тұлғаның өзі айқындайтын табыс. Бірақ Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспауы тиіс.

Сонымен қатар, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

 

Дата публикации
02 июня 2025