«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармағына сәйкес және 113-1-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасы мен 3-тармағының негізінде Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазалы ауданының Арықбалық ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 29 маусымға тағайындалсын.
- Қазалы ауданының Арықбалық ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын және Қазалы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.