Қазалы ауданының Ғ.Мұратбаев және Қарашеңгел ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы
2025 жылғы 22 сәуір күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Қазалы ауданы бойынша Ғ.Мұратбаев және Қарашеңгел ауылдық округтері әкімдеріне барлығы 6 кандидат ұсынылды, олардың 2-уі (33,3 %) – саяси партиядан, 4-уі (66,7 %)- өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
«AMANAT» партиясы 2 кандидат ұсынды.
Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адам құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2025 жылғы 27 сәуір күнгі сағат 18-00 де аяқталады.
Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат БАҚ жарияланады.