Отандастарымыздың зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгеге жетті

 

 

2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша азаматтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгеге жетті. Соңғы 12 ай ішінде зейнетақы активтері 4,52 трлн астам теңгеге (немесе 25%) өсті.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 2025 жылдың 1 ақпанына 21,69 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсімі – 23,8%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 650,21 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 12,5%. Өткен 12 ай ішінде ең үлкен өсімді (45,2%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – шамамен 8 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 270,08 млрд теңгеге жуықтады

 

Дата публикации
04 марта 2025