"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) өз салымшылары үшін жаңа цифрлық қызметтерді ұсынуын жалғастыруда. Жыл басынан бері әрбір салымшы мен алушының жинақтау тарихындағы негізгі оқиғалар туралы ақпарат беретін Push-хабарламалардың жаңа цифрлық қызметі сәтті іске асырылды. Қазіргі уақытта бұрын іске асырылған зейнетақы жарнасының түскендігі туралы хабарламаларды жіберумен қатар мынадай маңызды оқиғалар бойынша хабарламалар жолдана бастады:
- жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қосылуы, яғни жеке зейнетақы шотының ашылғандығы;
- 18 жасқа толуы;
- зейнет жасына толуы, сәйкесінше, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығының туындауы;
- ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы төлемін алу құқығының туындауы;
- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы төлемін алу құқығының туындауы;
- зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын іске асыру мониторингі;
- туған күнмен құттықтау