Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы
23 желтоқсандағы №347 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №347 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 17631302,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2379319 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 17244 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;
трансферттер түсімдері – 15234739,2 мың теңге;
2) шығындар – 17739516,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 45458 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 306696 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 261238 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -153672,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 153672,5 мың теңге;