Зейнетақы активтерін басқарушылар алдыңғы жылғы көрсеткіштен және 2024 жылғы инфляция деңгейінен асатын кіріс қамтамасыз етті

 

2024 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) алдыңғы жылғы көрсеткіштен де, 2024 жылғы инфляция деңгейінен де (8,6%) едәуір асатын кірістілікті паш етті. Бұл зейнетақы активтерінің тиімді басқарылуы мен экономикалық жағдайларға бейімделу қабілетін көрсетсе керек. Қол жеткізілген көрсеткіштер портфельді инвестициялау мен әртараптандыру стратегиясын ұтымды таңдау нәтижесі. 

 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 736,05 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 415 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 255,81 млрд теңге.  

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 65,24 млрд теңге.

 

 

Дата публикации
31 января 2025