«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 77-бабы 1-тармағына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
- Қазалы ауданы әкімдігі жанынан құрылған тұрғын үй комиссиясының 2024 жылғы 8 қарашадағы №07 хаттамалық шешімінің негізінде Қазалы ауданы бойынша халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін салынған жалдамалы тұрғын үйлер осы қаулының қосымшасына сәйкес жалға берілсін.
- «Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Р.Ізтілеу) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Қаулының орындалуына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.