Кірістер
2024 жылдың 1 желтоқсанына аудан бюджетінің барлық түзетілген түсімдер болжамы 14360999,6 мың теңге болса, нақты 14501852,9 мың теңгеге немесе 101,0 пайызға орындалып, оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы 3077150,2 мың теңге 3218003,5 мың теңгеге, яғни 140853,3 мың теңгеге артық немесе 104,6 пайызға орындалды.
Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 11283849,4 мың теңге осы күнге (100,0 пайыз) трансферттер алынды. Оның ішінде субвенция 5405109,0 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 5299544,4 мың теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттері 579196,0 мың теңге (100 пайыз).
Шығындар
Аудан бойынша 2024 жылдың 1 желтоқсанына барлық шығындар жоспары 16311387,4 мың теңге болса, нақты 15679313,5 мың теңгеге немесе 96,1 пайызға орындалып, 632073,9 мың теңге қалдықта қалған.
Оның ішінде: Республикасылық бюджеттен 111,7 мың теңге (100,0 пайыз), облыстық бюджеттен 22944,8 мың теңге (99,5 пайыз), бюджеттік кредиттер 605488,0 мың теңге (0,0 пайыз), жергілікті бюджеттен 3529,4 мың теңге (100,0 пайыз)