"БЖЗҚ" АҚ  көрсеткен қызметтердің саны 2024 жылдың 10 айында 36,5 миллионнан асты   

 

"БЖЗҚ" АҚ  көрсеткен қызметтердің саны

2024 жылдың 10 айында 36,5 миллионнан асты 

 

01.01.2024ж. бастап 31.10.2024ж. дейінгі уақыт аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 36,5 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 18,4 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, шамамен 16,5 млн қызмет автоматты түрде атқарылды. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі операциялардың жалпы санының 97,3% тең болды. Күндізгі форматта 957 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде шамамен 924 мың қызмет ұсынылды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) енгізілуіне, сондай-ақ "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу және есептеу бойынша БЖЗҚ қызмет ауқымының кеңеюіне байланысты автоматты режимде көрсетілетін қызметтер саны өсті. Әсіресе, нысаналы талаптарға қатысушылар үшін шоттар (ЖЗШ/ШЗШ/НЖШ) мен карта ашу ерекше серпін бергенін байқауға болады. Естеріңізге сала кетсек, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар автоматты түрде есептеледі.

Дата публикации
29 ноября 2024