Айлық есептік көрсеткіш – Қазақстандағы зейнетақы‚ жәрдемақы‚ өзгедей әлеуметтік төлемдер есептеу үшін‚ сондай-ақ айыппұл санкцияларын‚ салық төлемдері мен басқа да төлемдерді қолдану және есептеу үшін мемлекет жыл сайын белгілейтін есептік көрсеткіш
Ең төмен күнкөрiс деңгейi - мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс.
Ең төменгі жалақы мөлшері - қалыпты жағдайларда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (Еңбек міндеттерін) орындаған кезде білікті емес қарапайым (неғұрлым күрделі емес) еңбек қызметкеріне ақшалай төлемдердің кепілді минимумы.
Инфляция - бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.