«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылдың 8 айында көрсеткен қызметтерінің саны 31 миллионнан асты

«БЖЗҚ» АҚ  2024 жылдың 8 айында көрсеткен

қызметтерінің саны 31 миллионнан асты 

                                                                                             

01.01.2024ж. бастап 31.08.2024ж. дейінгі уақыт аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 31,6 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 15 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, 15,4 млн жуық қызмет автоматты түрде, ал  0,4 миллионы қашықтықтан жүзеге асырылды. Күндізгі форматта 783 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде шамамен 755 мың қызмет ұсынылды.

Дата публикации
11 октября 2024