2024 жылға бөлінген облыс әкімінің оқу грантының қазалы ауданы бойынша бөлінісі туралы хабарландыру!

Әлеуметтік көмек өңірге қажетті мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарынан шыққан:

 

-жетім балаларға,

-мүгедектігі бар балаларға,

-ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға,

-балалар үйлері мен балалар ауылдарының тәрбиеленушілеріне,

-асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алатын балаларға,

-ата-анасының екеуі де жасына байланысты зейнеткер болып табылатын немесе біреуі мүгедектігі бар адам болып табылатын балаларға,

-құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған, Толық емес отбасыларындағы балаларға, егер отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда;

аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда өңірге қажет мамандықтар бойынша күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алу үшін төмендегідей мамандықтарға

 

Атап айтқанда:

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне

  • Көлік техникасы және технологиялар - 1
  • Агрономия - 1
  • Экология және табиғатты пайдалану – 1
  • Дәстүрлі музыка - 1

 

Қызылорда «Ашық» (Болашақ) университетіне 

  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысымен тасымалдауды ұйымдастыру - 1

 

Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне 

  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау - 1

                  

                       Қарағанды медицина университетіне

  • Жалпы медицина – 1

 

Грант иегерлерінің тізімі жарияланғаннан кейін, ҰБТ-ден жоғары балл жинап, мемлекеттік грантқа іліге алмай қалған халықтың осал топтарындағы мектеп бітіруші балалардан «Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 5-шы тамызынан бастап 15-ші тамызына дейін қабылданады. Мекен жайы Әйтеке би кенті,Төремұрат жырау көшесі №7. Тел: 8(72438)                     26-0-15

 

 

«Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Дата публикации
08 августа 2024