«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 21 маусымдағы шешімімен 2024 жылғы 14 шілдеге тағайындалған Қазалы ауданының Әйтеке би кенті әкімінің сайлауына кандидат болып тіркелді:
- Абиев Алиби Берикович – 1978 жылы туған, қазақ, Қазалы ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы, Әйтеке би кентінде тұрады. «AMANAT» партиясынан ұсынылған. «AMANAT» партиясының мүшесі.
- Картабаев Казыбек Каржаубаевич – 1981 жылы туған, қазақ, Майлыбас ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Әйтеке би кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған. «AMANAT» партиясының мүшесі.
- Сыргалиев Акылбек Кажигалиевич – 1987 жылы туған, қазақ, Құмжиек ауылдық округі апаратының «Қ.Пірімов ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі, Әйтеке би кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған. «AMANAT» партиясының мүшесі.
Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы