2024 жылғы 21 маусымдағы жағдай бойынша Қазалы ауданының Әйтеке би кентінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы
- Барлығы 3 кандидат ұсынылған, оның ішінде 1-еуі саяси партиямен, 2-еуі өзін-өзі ұсыну жолымен.
- Ағымдағы жылдың 21 маусым күнгі сағат 18.00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді, оның ішінде 1-еуі саяси партиямен ұсынылған, 2-еуі өзін-өзі ұсыну жолымен.
- Арнайы тексеруге 3 кандидаттың құжаттары жіберілді;
Мемлекеттік кірістер органдарына 3 кандидаттың құжаттары жолданды.
- Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды, сайлау бюллетеніне енгізілді.
Кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама Қазалы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында орналастырылған.
- Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.
Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы