2024 жылғы 14 шілдеге тағайындалған Қазалы ауданының Әйтеке би кенті әкімінің сайлауында Әйтеке би кенті әкіміне кандидат Картабаев Казыбек Каржаубаевичтің Қазақстан Республикасының заңнамаларында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

2024 жылғы 14 шілдеге тағайындалған Қазалы ауданының Әйтеке би кенті әкімінің сайлауында Әйтеке би кенті әкіміне кандидат Картабаев Казыбек Каржаубаевичтің Қазақстан Республикасының заңнамаларында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2-бабына, 113-4-бабына сәйкес Қазалы ауданының аумақтық  сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Қазалы ауданының Әйтеке би кенті әкіміне кандидат Картабаев Казыбек Каржаубаевичтің Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын. 
  2. Қазалы ауданының Әйтеке би кенті әкіміне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.
  3. Осы қаулы Қазалы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

Қазалы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                              Н.Аманбай

 

Қазалы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                    М. Әбубәкір

 

 

 

 

Әйтеке би кенті

15.06.2024 жыл

№АСК-44/454

Дата публикации
17 июня 2024