2024 жылғы 14 шілдеге тағайындалған Әйтеке би кенті әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

 

2024 жылғы 14 шілдеге тағайындалған Әйтеке би кенті әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

 

                                                                                                                                       

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес және Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы                                05 маусымдағы №АСК-36/446 «Қазалы ауданының Әйтеке би кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы»  қаулысын негізге алып, Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазалы ауданының Әйтеке би кенті әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы кент сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, кемінде 284 (екі жүз сексен төрт) қол санында белгіленсін.
  2. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
  3. Осы қаулы Қазалы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 

Қазалы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                              Н.Аманбай

 

Қазалы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының  хатшысы                                   М. Әбубәкір

 

 

 

 

 

Әйтеке би кенті

15.06.2024 жыл

№АСК-46/456

Дата публикации
17 июня 2024