2024 жылғы 13 маусым күні Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды:
Әйтеке би кенті әкімін сайлау бойынша – Картабаев Казыбек Каржаубаевич, Сыргалиев Акылбек Кажигалиевич.
Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Әйтеке би кенті әкімін сайлау бойынша кандидаттың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2024 жылғы 14 шілдеге тағайындалған Әйтеке би кенті әкімін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 06 маусымнан 18 маусымға дейін (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.