Аудандық және 4-ші деңгейлі бюджеттің 2024 жылғы 1 наурызға атқарылу барысы туралы
Кірістер
2024 жылдың 1 наурызына аудан бюджетінің барлық түзетілген түсімдер болжамы 1392511,8 мың теңге болса, нақты 1482795,6 мың теңгеге немесе 106,5 пайызға орындалып, оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы 567001,8 мың теңге 657285,6 мың теңгеге, яғни 90283,8 мың теңгеге артық немесе 115,9 пайызға орындалды.
Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 352293,0 мың теңге осы күнге (100,0 пайыз) трансферттер алынды. Оның ішінде субвенция 800126,0 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 25384,0 мың теңге (100 пайыз).
Шығындар
Аудан бойынша 2024 жылдың 1 наурызына барлық шығындар жоспары 1190169,0 мың теңге болса, нақты 1189896,6 мың теңгеге немесе 100,0 пайызға орындалып, 272,4 мың теңге қалдықта қалған.
Оның ішінде: Жергілікті бюджеттен 272,4 мың теңге (100,0 пайыз).