Аудандық және 4-ші деңгейлі бюджеттің 2023 жылғы 1 қараша атқарылу барысы туралы

Кірістер

2023 жылдың 1 қарашасына аудан бюджетінің барлық түзетілген түсімдер болжамы 10154487,8 мың теңге болса, нақты 10270276,5 мың теңгеге немесе 101,1 пайызға орындалып, оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы  1944911,1 мың теңге  2060699,8  мың теңгеге, яғни 115788,7 мың теңгеге артық немесе 105,9 пайызға орындалды.

Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 8209576,7 мың теңге осы күнге (100,0 пайыз) трансферттер алынды. оның ішінде субвенция 4787653,0 мың теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер 172854,0 мың теңге (100,0 пайыз), нысаналы даму трансферттері 1709069,7 мың теңге (100 пайыз).

Шығындар

         Аудан бойынша 2023 жылдың 1 қарашасына барлық шығындар жоспары 10256913,0 мың теңге болса, нақты 10249898,6 мың теңгеге немесе 99,9  пайызға орындалып, 7014,4 мың теңге қалдықта қалған.

 Оның ішінде: Республикалық бюджеттен 0,4 мың теңге, Ұлттық қор қаржысы 10,0 мың теңге (100,0 пайыз), облыстық бюджеттен 0,8 мың теңге (100,0 пайыз), жергілікті бюджеттен 7003,2 мың теңге (99,9 пайыз). 

Дата публикации
07 ноября 2023