Сағат 07.00-ге сайлау учаскелерін ашу туралы

Қазалы ауданы бойынша 2023 жылғы 03 қыркүйек жергілікті уақытпен сағат 07.00-де  Бірлік  ауылдық округіндегі №74, Көларық ауылдық округіндегі №78, Қызылқұм ауылдық округіндегі №79 және №80 сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті.

Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат Қазалы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, және сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындысы туралы ақпарат 20.00-де ұсынылатын болады.

Дата публикации
03 сентября 2023