«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6)-тармақшасына сәйкес және 21-бабының 4-тармағының, 22-бабының негіздерінде Қазалы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазалы ауданының Бірлік ауылдық округінің шекарасында Бірлік ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде сайлау округі құрылсын.
- Қазалы ауданының Көларық ауылдық округінің шекарасында Көларық ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде сайлау округі құрылсын.
- Қазалы ауданының Қызылқұм ауылдық округінің шекарасында Қызылқұм ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде сайлау округі құрылсын.
- Қазалы ауданының Бірлік, Көларық және Қызылқұм ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтерінің шекарасы және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп, Қазалы аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын.