Қазалы аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 26 шілдедегі №АСК-188/310 қаулысымен Қазалы ауданының Бірлік, Көларық және Қызылқұм ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөніндегі осы ауылдық округтерінің шекарасында Бірлік, Көларық және Қызылқұм сайлау округтері құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабынының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Қазалы аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 26 шілдедегі №АСК-189/311 қаулысымен заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қазалы ауданының Бірлік, Көларық және Қызылқұм ауылдық округтерінің әкімдерін төте сайлау 2023 жылғы 03 қыркүйекке тағайындалды.
Қазалы ауданының Бірлік, Көларық және Қызылқұм ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 27 шілдеде басталады және 2023 жылғы 09 тамызда, жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2023 жылғы 14 тамызда, жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.
Қазалы аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120400, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі №60 («Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі» КММ ғимараты), №26, 27 бөлмелері, телефон/факс: (872438) 22-1-27, 21-3-01 е-mail: kazalisaikom@mail.kz, tic_kzl_kaz@saylau.kz
Қазалы аудандық сайлау комиссиясының құрамы:
|
Аманбай Нұрлан Аманкелдіұлы |
комиссия төрағасы |
|
Иманбаев Қази Кеңесбайұлы |
төрағаның орынбасары |
|
Әбубәкір Мұратбай Қожамұратұлы Жалғасбай Жаппарберген Жақсығұлұлы |
комиссия хатшысы
комиссия мүшесі |
|
Жаңбыршиева Хадиша Жәмиқызы |
комиссия мүшесі |
|
Тоқбаев Ербол Бауыржанұлы |
комиссия мүшесі |
|
Төлегенов Ержан Боханбайұлы |
комиссия мүшесі |
Сайлаушылар назарына!
Сайлаушылар назарына 2023 жылғы 03 қыркүйекке тағайындалған Қазалы ауданының Бірлік, Көларық және Қызылқұм ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына байланысты учаскелік сайлау комиссияларының мекен-жайы мен комиссия құрамы туралы мәліметтер беріледі.
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы кезектен тыс ХХХVII сессиясының №269 шешімімен бекітілген.
№74 учаскелік сайлау комиссиясының мекен-жайы: Қазалы ауданы, Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы, Тәуелсіздік көшесі №26-А, «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің «№102 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты, телефоны-8/72438/25339.
Комиссия құрамы: Көмекбай Қуаныш Есқараұлы – төраға, Жанбршиева Кулмирам Курманбековна – төраға орынбасары, Агибергенова Роза Анесовна – хатшы, комиссия мүшелері: Миха Ақнұр Мырзаханқызы. Алжанов Сабыржан Алимжанович.
№78 учаскелік сайлау комиссиясының мекен-жайы: Қазалы ауданы, Көларық ауылдық округі, Ақтан батыр ауылы, Ақтан батыр көшесі №5, «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің «№190 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты. Телефоны: 8/72438/25262.
Комиссия құрамы: Қабақбай Ғанибек Романқұлұлы – төраға, Татыран Әділ – төраға орынбасары, Сұлтанов Нұрлан Көпжасарұлы – хатшы комиссия мүшелері: Ербулекова Айгулим Сериковна, Омарова Каншайым Сегизбаевна
№79 учаскелік сайлау комиссиясының мекен-жайы: Қазалы ауданы, Қызылқұм ауылдық округі, Ажар ауылы, Ажар көшесі №14, «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің «№146 негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты. Телефоны: 8/72459/32260.
Комиссия құрамы: Тілеуберген Жеңіс Жалиұлы – төраға, Илиясов Берди Казиевич – төраға орынбасары, Сапаев Еламан Ерсаинұлы – хатшы, комиссия мүшелері: Тасекеев Сандибек Асарбаевич, Жайл Жеткербай Тілеумұратұлы, Пирманов Буранбай Туребекович, Ахмет Құрманғазы Шерепұлы.
№80 учаскелік сайлау комиссиясының мекен-жайы: Қазалы ауданы, Қызылқұм ауылдық округі, Кәукей ауылы, Кәукей көшесі №3, «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің «№225 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты. Телефоны: 8/72438/37197.
Комиссия құрамы: Жакенов Бактыбай Жанабаевич – төраға, Сауытбаев Алпамыс Акжигитович – төраға орынбасары, Умирзаков Саясын Мергенбаевич – хатшы, комиссия мүшелері: Тауекелова Баглан Жанаевна, Шайхы Жібек Сержанқызы.