Аудан әкімі М.Ә.Оразбаевтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінің ХАТТАМАСЫ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залы

2022 жылғы «15» шілде

Төрағалық еткен: аудан әкімі М.Ә.Оразбаев

Қатысқандар: тізім бойынша

Салық салу базасын ұлғайтудың 2022 жылға арналған іс-шара жоспары бойынша 2022 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы

(Ә. Әбиев, А. Қайырбаев)

  1. Аудандық қаржы бөлімінің басшысы Ә. Әбиевтің «Салық салу базасын ұлғайтудың 2022 жылға арналған іс-шара жоспары бойынша 2022 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы» хабарламасы қаперге алынсын.
  2. Аудандық қаржы бөлімі (Ә.Әбиев), аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы (Т.Қожаназаров, келісім бойынша) бірлесіп, жедел жұмысшы топтардың толық құрамда кестеге сәйкес рейдке шығуын қамтамасыз етсін.
  3. Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, 2020 жылдарға аралған қордаланған көлік салығының берешегі мен өсімпұлын 2022 жылдың 15 тамызына дейін өндіру жұмыстарын аяқтасын.
  4. Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, Арықбалық, Қарашеңгел, Құмжиек, Қызылқұм, Майдакөл, Сарбұлақ және Тасарық ауылдық округ әкімдері аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы (Т.Қожаназаров, келісім бойынша) және аудандық полиция бөлімі (Б.Кабизов, келісім бойынша) бірлесіп, 2021 жылға қордаланған көлік салығының берешегі мен өсімпұлын 2022 жылдың 1 қыркүйекке дейін өндіру жұмыстарын аяқтасын, тиісті тапсырмалар орындалмаған жағдайда әкімдердің жауапкершілігі қаралсын.
  5. Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы (Т.Қожаназаров, келісім бойынша) жұмысшы топтар рейд барысында анықтаған бақылау-кассалық машинасынсыз немесе тіркелмеген такси жүргізушілеріне заң аясында шаралар қабылдасын.
  6. Салықтық емес түсімдерді арттыру бағытында Майлыбас, Алға, Мұратбаев, Өркендеу, Қызылқұм, Ақжона, Бозкөл, Шәкен және Сарыбұлақ ауылдық округ әкімдері жүйелі түрде жұмыстарды үйлестірсін.
  7. Аудандық жер қатынастары бөлімі (Е.Сейтов) Алға, Ақжона, Майдакөл, Бірлік, Аранды, Бозкөл, Қызылқұм ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, 1 тамызға дейін кәсіпкерлік мақсатта жер телімдерін аукцион арқылы табыстау бойынша тиісті шаралар қабылдасын.
  8. Әйтеке би кенті әкімдігі (Қ.Орынбасаров) сенімгерлік басқаруға берілген 18 ақылы автотұраққа тиісті белгі қойып, талапқа сай жұмыс жасауын қамтамасыз етсін.
  9. Аудан әкімінің орынбасары (К.Назымбеков) салық салу базасын ұлғайтуға байланысты ай сайын мәжіліс өткізіп, ауылдық округ әкімдерінің есебі тыңдалсын.
  10. Осы жұмыстарға бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К.Назымбековке жүктелсін.

ІІ. Орындаушылық, еңбек тәртібі туралы

  1. Дербес бөлімдер басшылары мен Кент, Қала, ауылдық округі әкімдері аудан әкіміне ұсынылатын ақпараттың сапалылығы және мерзімінде берілуін қатаң бақылауға алсын.
  2. Дербес бөлімдер басшылары және Кент, Қала, ауылдық округі әкімдері:

1) жұмыс және жұмыстан тыс уақытта қарамағындағы қызметкерлердің қоғамдық орындарда әдеп және этикалық нормаларды сақтап, қоғам тарапынан сыни пікірлерді болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдасын;

2) қызметтік көлікті тек жұмыс күндері (08.00-20.00) қызмет бабында ғана пайдалансын, жұмыстан тыс уақытта жазбаша рұқсатнама арқылы ғана жүру қажеттілігі ескерілсін;

3) ұжымда әдеп нормалары мен еңбек тәртібінің сақталуын арнайы мәжіліс өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, орындалуын қамтамасыз етсін.

  1. Аудан әкімінің аппараты (Р. Тілеп) күнделікті дербес бөлімдер мен кент, қала және ауылдық округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік және келісім шарт негізіндегі қызметкерлердің жұмысқа келуі мен жұмыс орнында болуына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, әр аптаның дүйсенбі күні аудан әкімі атына ұсыныс енгізсін.
  2. Осы тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Р. Тілепке жүктелсін.

ІІІ. Басқа да мәселелер

  1. Ауданаралық аудандық аурухана (Б.Әлішева, келісімі бойынша), теміржол ауруханасы (А.Құлмағамбетова, келісімі бойынша), аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы (Ғ. Сарқұлов, келісімі бойынша) Елімізде COVID-19 инфекциясының күрделі болуына байланысты індеттің алдын алу бойынша тиісті шараларды қабылдап, қажетті дәрі-дәрмек қорынының жеткілікті мөлшерде болуын, медициналық құрылғылардың толықтай дайындыққа келтірілуін қамтамасыз етсін.
  2. Ауданаралық аудандық аурухана (Б.Әлішева, келісімі бойынша), Қазалы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы (Ғ. Сарқұлов), аудандық ветеринарлық станция (Б. Әміреев), кент, қала және ауылдық округ әкімдері, Конго-Қырым қызбасының алдын-алу мақсатында бірлескен шаралар қабылдап,  эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстау мақсатында шаралар қабылдасын.
  3. «COVID-19» инфекциясы мен Конго-Қырым қызбасының алдын-алу жұмыстарға бақылау жасап, тиісті мәліметтерді жинақтау аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөліміне жүктеледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                  М. Оразбаев

Дата публикации
15 июля 2022