Implementation of proposals received at the reporting meetings of the Akim of Kazalinsky district with the population for the first quarter of this year in accordance with the decree of the president of the Republic of Kazakhstan dated February 5, 2016 № 190
| № | Ұсыныс-пікірдің мазмұны | Орындалу мерзімі | Жауапты | Орындалуы |
| Басықара ауылдық округі | ||||
| 1. | Ауылға газ желісін жүргізу | Жыл бойы | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановН.КүзембаевМ.Бекмамбетов | Орындалуда. Орамішілік газ желілерінің құрылысының ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 6,6 млн теңге қаржы бөлініп, жоба әзірленуде. |
| 2. | Ауылішілік жолдарға (Қ.Әжімұратова, Ш.Нұрқожаев, С.Мұқанов, С.Тасмағамбетов, Қ.Есенов, С.Сейфуллин, А.Құнанбаев, Амангелді, А.Өтемұратов, Т.Мұсабаев) жөндеу жұмыстарының жоспарын бекітіп, ұсыну | 2021 жыл,1 наурыз | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановМ.Бекмамбетов | Орындалуда. Жобада 7,5 км көшелерді жөндеу қаралған, құны – 218,9 млн теңге. Қаржыландыру үшін облыстық бюджетке ұсынылды. (30.11.2020 ж. №1/3-9/3772 санды хат). |
| Құмжиек ауылдық округі | ||||
| 3. | Басықара каналы бойындағы көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу | 2021 жыл,1 қазан | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановБ.Баймаханов | Орындалуда. Көпірді ағымдағы жөндеу жұмыстарының құны 10,5 млн теңге. Жұмысын бастауға аудандық бюджеттен 3,0 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. |
| 4. | Жайылымдық жерлерді суландыру, бұлақ (скважина) немесе шахталық құдық қазу жұмыстарын зерттеп, ұсыныс беру | 2021 жыл,1 наурыз | К.НазымбековҒ.ЕркебайН.АманбайМ.ӘбсұлтановИ.Мусиров (к/б)Б.Баймаханов | Орындалуда. Жайылымдық жерлерді суландыру мақсатында Қ.Пірімов елді мекеніне қарасты Талды ауыл учаскесіне су жіберу үшін арықтар қалпына келтірілді. Ауылдың кіре берісіндегі Тұрабай бұлақтың су өндіру көлемі аз болуына байланысты жөндеуді қажет ететіндігі жөнінде тиісті мекемелерге ұсыныс берілді.Сонымен қатар, жұмысшы топ өкілдері елді мекендегі бұлақтардың қазіргі жай-күйімен танысты. Нәтижесінде бұлақ қазу жұмыстары бойынша Құмжиек ауылдық округі кезекке қойылды. |
| Қарашеңгел ауылдық округі | ||||
| 5. | Ауылішілік жолдарға (Ә.Мекешов, Қызыл-ой көшелері) жөндеу жұмыстарын жүргізу | 2021 жыл,1 қазан | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановО.Жамшейтов | Орындалуда. Ауылдағы ұзындығы 2,7 км болатын 2 көшені орташа жөндеуге аудандық бюджеттен (Қызыл-Ой көшесі (1,7 км) 18,4 млн теңге, Ә.Мекешов көшесі (1,0 км) 15,3 млн теңге) 33,7 млн теңге бөлініп, «Қазалы Жолшы» ЖШС-гі тарапынан жұмыстар жүргізілуде. |
| Ғ.Мұратбаев ауылдық округі | ||||
| 6. | Ауылдағы электр жүйелерін (электр желілері мен бағаналары, трансформатор қондырғылары) қайта жаңғырту жоспарын әзірлеп, ұсыныс енгізу | 2021 жыл,1 наурыз | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановЕ.Мұхаш (к/б)А.Рыстығұл | Орындалуда. Округтегі электр желілерін жақсарту мақсатында 8,7 млн теңге бөлініп, 3,5 млн теңгеге трансформатор қондырғысын орнатуға, 1 көшенінің (К.Іскендіров) электр желісін тарту үшін 5,2 млн теңгеге конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталып, сәуір айында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. |
| Сарыкөл ауылдық округі | ||||
| 7. | Ақсай арнасының «Шоратай» учаскесі тұсынан тоспа (шлюз) орнату | 2021 жыл,1 қазан | К.НазымбековН.АманбайИ.Мусиров (к/б)Б.Ерқосаев | Орындалуда. «Ақсай» арнасы иесіз мүлік ретінде тану үшін сот шешімі шығып, ауданның теңгеріміне алынды. Құжаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін 4,8 млн теңге қажеттілігі анықталып, бюджетке ұсыныс берілді. |
| Көларық ауылдық округі | ||||
| 8. | Ауылдағы электр жүйелерін (электр желілері мен бағаналары, трансформатор қондырғылары) қайта жаңғырту жоспарын әзірлеп, ұсыныс енгізу | 2021 жыл,1 наурыз | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановЕ.Мұхаш (к/б)С.Өмірзақов | Орындалуда. Елді мекенге 1 дана КТПН-160 кВт маркалы трансформатор қондырғысын сатып алуға 4,0 млн теңге бөлініп, жеткізуші мекемемен шарт жасалды. |
| Арықбалық ауылдық округі | ||||
| 9. | Ауылдағы электр жүйелерін (электр желілері мен бағаналары, трансформатор қондырғылары) қайта жаңғырту жоспарын әзірлеп, ұсыныс енгізу | 2021 жыл,1 наурыз | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановЕ.Мұхаш (к/б)М.Қайруллаев | Орындалуда. Қазалы аудандық электр торабымен бірлесіп әзірленген елді мекендердегі электр желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізудің іс-шара жоспарына сәйкес ауылдың электр желілерін жөндеу жұмыстары 2022 жылғы кезектілікке қойылды. |
| Майдакөл ауылдық округі | ||||
| 10. | Ауылдағы «Тәуелсіздік» алаңын абаттандыружұмыстарын жүргізу үшін ұсыныс енгізу | 2021 жыл,1 наурыз | Ғ.ЕркебайН.КүзембаевМ.ӘбсұлтановҚ.Құрманбаев | Орындалуда. «Тәуелсіздік алаңын» абаттандыру жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірленіп, аудандық бюджеттік комиссия қрауына ұсынылды. |
| 11. | Ауылға спорт кешенін салу жұмыстарының жоба сметалық құжаттарын әзірлеп, облыстық немесе республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсыну | Жыл бойы | Ғ.ЕркебайН.КүзембаевН.ЕсбосыновҚ.Құрманбаев | Орындалуда. Ауылдан 120 орындық спорт кешенінің құрылысының ЖСҚ әзірлеп, сараптамадан өткізу үшін облыстық тиісті басқармаларға ұсыныс берілді. (12.03.2021 ж. №05-5/791 санды хаты) |
| Ақжона ауылдық округі | ||||
| 12. | Ауылға типтік жобада клуб ғимаратын салу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру | 2021 жыл,1 наурыз | Ғ.ЕркебайН.КүзембаевБ.ЖолтаевН.Сералиев | Орындалуда. Майдакөл ауылдық клубы ғимараты жоқ ауылдық клубтар тізіміне енгізілген. Клуб құрылысы жобасының ЖСҚ әзірлеу үшін (19.02.2021 ж. №02/1-6/111 санды хаты) тиісті облыстық басқармаларға бюджеттік өтінім ұсынылды. |
| 13. | Жайылымдық жерлерді суландыру, бұлақ (скважина) немесе шахталық құдық қазу жұмыстарын зерттеп, ұсыныс беру | 2021 жыл,1 наурыз | К.НазымбековҒ.ЕркебайН.АманбайМ.ӘбсұлтановИ.Мусиров (к/б)Н.Сералиев | Орындалуда. Ауданнан құрылған жұмысшы топ өкілдері елді мекендегі бұлақтардың қазіргі жай-күйімен танысты. Нәтижесінде Ақжона ауылдық округінде бұлақ қазу жұмыстары 2022 жылға жоспарланып отыр. |
| Алға ауылдық округі | ||||
| 14. | Ү.Түктібаев ауылын «тіректі елді мекен» санатына енгізу, инфрақұрылыммен қамту (ауылішілік жолдарды жөндеу) жұмыстарын зерттеп, ұсыныс беру | 2021 жыл,1 шілде | К.НазымбековА.АмановН.КүзембаевМ.ӘбсұлтановО.Ахметов | Орындалды. Ү.Түктібаев ауылы тіректі елді мекен санатындағы ауылдар тізбесіне енгізілген. «Ауыл Ел бесігі» жобасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылды. |
| Өркендеу ауылдық округі | ||||
| 15. | Ауылішілік жолдарға (Ж.Байқадамов, Ғ.Мұратбаев, Жанкент, Сарыкөл) жөндеу жұмыстарының жоспарын бекітіп, ұсыну | 2021 жыл,1 қазан | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановН.Үргенішбай | Орындалуда. Ауылішілік жолдарға (Ж.Байқадамов, Ғ.Мұратбаев, Жылуан, Сарыкөл) орташа жөндеуге 62,2 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. |
| 16. | Жайылымдық жерлерді суландыру, бұлақ (скважина) немесе шахталық құдық қазу жұмыстарын зерттеп, ұсыныс беру | 2021 жыл,1 наурыз | К.НазымбековҒ.ЕркебайН.АманбайМ.ӘбсұлтановИ.Мусиров (к/б)Н.Үргенішбай | Орындалуда. Ауданнан құрылған жұмысшы топ өкілдері елді мекендегі бұлақтардың қазіргі жай-күйімен танысты. Нәтижесінде Өркендеу ауылдық округінде бұлақ қазу жұмыстары 2024 жылғы кезектілікке қойылды. |
| 17. | Ауылдағы мектеп спорт залына күрес кілемшесін(ковёр для борьбы) алу | 2021 жыл,1 шілде | Н.ЕсбосыновН.Үргенішбай | Орындалуда. Жанкент елді мекеніндегі №104 орта мектебінде күрес секциясын ашуға көлемі 5х14 бөлме дайындалды. Күрес кілемшесін алуға және күрес секциясына нұсқаушы штат бөлу үшін ұсыныс енгізілді. |
| Бірлік ауылдық округі | ||||
| 18. | Ауылға типтік жобада клуб ғимаратын салу жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу | Жыл бойы | Ғ.ЕркебайН.КүзембаевБ.ЖолтаевӨ.Өтеп-Әлі | Орындалуда. Бірлік ауылдық клубы ғимараты жоқ ауылдық клубтар тізіміне енгізілген. 100 орындық клуб құрылысын салу үшін ЖСҚ әзірлеп, сараптамадан өткізу үшін 9,2 млн теңге қажеттілігі нақтыланып, тиісті облыстық басқармаларға ұсыныс берілді. (05.03.2021 жылғы №02-13/308 санды хаты). |
| Аранды ауылдық округі | ||||
| 19. | Ауылға орталық саябақ салып, абаттандыру жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, жоспарға енгізу | 2021 жыл,1 наурыз | Ғ.ЕркебайН.КүзембаевӘ.Томаев | Орындалуда. Ауылға орталық саябақ салуға және оны абаттандыру жұмыстары үшін 40,0 млн теңгеге ЖСҚ дайындалып, аудандық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды. |
| Бозкөл ауылдық округі | ||||
| 20. | Ауылға типтік жобада балабақша ғимаратын салу | Жыл бойы | Ғ.ЕркебайН.КүзембаевӘ.Жөлекешов (к/б)А.Бөлебай | Орындалуда. Жаңадан типтік жобада 90 орындық балабақша салу үшін 371,0 млн теңгеге ЖСҚ жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, облыстық білім басқармасы тарапынан ҚР БҒМ-не санымен бюджеттік өтінімі ұсынылды (02.02. 2021 ж. №06-30/386). |
| 21. | Ауылішілік жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізудің жоспарын бекітіп, ұсыну | 2021 жыл,1 наурыз | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановА.Бөлебай | Орындалуда. Ауылішілік 3 көшені (А.Жолжанов 45,8 млн тг, А.Мамытов 80,0 млн тг, Д.Қуандықов 56,9 млн тг) жөндеуге ЖСҚ-ы әзірленіп, аудандық бюджеттік комиссияға ұсынылды. |
| 22. | Ауылішілік жолдарды жарықтандыру жоспарын бекітіп, ұсыну | 2021 жыл,1 наурыз | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановА.Бөлебай | Орындалуда. Ауылішілік 3 көшеге жарықтандыру үшін ЖСҚ-ы әзірленіп, аудандық бюджеттік комиссияға ұсынылды (А.Жолжанов 11,0 млн тг, А.Мамытов 6,5 млн тг, Д.Қуандықов 5,7 млн тг). |
| Тасарық ауылдық округі | ||||
| 23. | Тасарық ауылы мен Тасөткел (Отгон) учаскесі арасындағы жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу | Жыл бойы | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановА.Кәрібаев | Орындалуда. Аталған учаскедегі 13 км жолды қайта жаңғырту жобасы қаржыландыру үшін республикалық бюджетке ұсынылды (29.01.2021 ж. №01-6/476 санды хат). Жоба құны – 678,0 млн теңге. |
| 24. | Мариям көлін жағалай тұрғызылған «Қоса-1», «Қоса-2» бөгеттерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныс енгізу | 2021 жыл,1 қазан | Ғ.ЕркебайҒ.СматуллаевН.АманбайМ.ӘбсұлтановИ.Мусиров (к/б)А.Кәрібаев | Орындалды. Бөгеттерді қалпына келтіріп, Нартай каналын механикалық тазалау жөнінде облыс әкімінің орынбасарына, облыстық табиғат қорғау прокурорына, облыстық табиғи ресурстар басқармасына ұсыныс хаттар жолданды. |
| Қызылқұм ауылдық округі | ||||
| 25. | Ауыл ішілік көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізудің жоспарын әзірлеп, ұсыну | 2021 жыл,1 қазан | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановО.Мүсілім | Орындалуда. 2021 жылы ауылдағы 2 көшеге (Жанқожа батыр 800 метр 22,1 млн теңге, Кәукей көшесіне 700 метр 21,9 млн теңге) асфальт төсеуге құны 44,0 млн теңгеге ЖСҚ-ы әзірленіп, аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсынылды. |
| Майлыбас ауылдық округі | ||||
| 26. | Ауылға газ желісін жүргізу | Жыл бойы | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановН.КүзембаевА.Әбілхан | Орындалуда. Ауылға газ тарту мәселесіне зерделеу барысында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-нан компрессор станциясы арқылы газге қосылу мүмкіндіктері қаралып, станция жоғары қысымда жұмыс істеуге арналғандықтан, елді мекенге орта қысымды газ құбырын жеткізу мүмкіндігі жоқ екендігі анықталды. Ақсуат ауылын газдандыру жұмыстарының ЖСҚ әзірлеу кезектілікке сәйкес жүзеге асырылатын болады. |
| 27. | Ауылдағы мектептің жылу жүйесінежөндеу жұмыстарын жүргізу | 2021 жыл,1 тамыз | Ә.Жөлекешов (к/б)А.Әбілхан | Орындалуда. №100 орта мектептің жылу жүйесін қалпына келтіру жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін, кепілдік мерзімі бітпеуіне байланысты жауапты мердігер мекеме тарапынан жүргізілетін болады. |
| Сарбұлақ ауылдық округі | ||||
| 28. | Ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету | Жыл бойы | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановР.Жаңабай | Орындалуда. «Геотерм» ЖШС ауыл орталығынан жер асты су қорын анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тереңдігі 150 метр, тәулігіне 481,0 м3 су шығаратын үшінші топтағы су бар екендігі анықталды. Осы суды ауыз суға пайдалануға сапасын тиісті лабораториялық зерттеу сынамаларын жүргізіп қорытындысы алынды. Алдағы уақытта ЖСҚ дайындауға бюджеттік өтінім тапсырылатын болады. |
| 29. | Ауылда акушерлік бекет ашып, штат бірлігін беру бойынша нақты шаралар қабылдау | 2021 жыл,1 сәуір | Б.Алишева (к/б)Р.Жаңабай | Орындалуда. Халық санының аздығына байланысты 2017 жылдан бастап фельдшерлік-акушерлік бекет медициналық бекет болып қайта құрылған. Нормативке сәйкес автокөлік қарастырылмаса да, аудан орталығынан шалғай орналасқандықтан санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген. |
| 30. | Ауылдағы ұялы байланыс пен интернет желісініңжұмысын (қуатын) жақсарту бойынша шаралар қабылдау | 2021 жыл,1 сәуір | Ш.Өксікбаев (к/б)Р.Жаңабай | Орындалуда. «Кар-Тел» ЖШС-гі мен «Транстелеком» АҚ-на елді мекенді ұялы байланысының сигналын күшейту және кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс беріліп, алдағы уақытта кезектілікке сәйкес жұмыстар атқарылатындығы жөнінде жауап алынды (25.02.2021 ж. №1/3-9/217, №1/3-9/218 санды хаттары). |
| Шәкен ауылдық округі | ||||
| 31. | Ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу | Жыл бойы | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановТ.Кималов | Орындалуда. Ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін блыстық энергетика басқармасына ЖСҚ әзірлеуге 18 млн. теңгеге ұсыныс берілді. |
| 32. | Аудан орталығынан ауылға жол салу | Жыл бойы | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановТ.Кималов | Орындалуда. Жобаның ТЭН әзірлеп, қорытынды алуға 10 млн. теңгеге облыстық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасына ұсыныс берілді. |
| 33. | Жайылымдық жерлерді суландыру, бұлақ (скважина) немесе шахталық құдық қазу жұмыстарын зерттеп, ұсыныс беру | 2021 жыл,1 наурыз | Ғ.ЕркебайН.АманбайМ.ӘбсұлтановИ.Мусиров (к/б)Т.Кималов | Орындалуда. Ауданнан құрылған жұмысшы топ өкілдері елді мекендегі бұлақтардың қазіргі жай-күйімен танысты. Нәтижесінде Шәкен ауылдық округі бұлақ қазу жұмыстары бойынша бірінші кезекке қойылды. |
| Әйтеке би кенті | ||||
| 34. | Кент ішілік көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізудің жоспарын әзірлеп, бекіту | 2021 жыл,1 наурыз | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановҚ.Орынбасаров | Орындалды. Әйтеке би кенті бойынша 2021-2023 жылдар аралығында ішкі автомобиль жолдарын орташа жөндеудің кезектілігі жасалып, бекітілді. 2021 жылы жоспарланған 39 көше бойынша ЖСҚ әзірленіп, 23 көше қаржыландыруға ұсынылды. Қазіргі таңда 7 көшені жөндеу үшін қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. |
| 35. | Кент аумағынан тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін дайындап, табыстау | Жыл бойы | Ғ.ЕркебайЕ.СейтовҚ.Орынбасаров | Орындалуда. Әйтеке би кенті, «Аймақаш» мөлтек ауданынан 78 жер учаскесіне (14 гектар) тиісті бөлім арқылы алдын-ала таңдау актілері әзірленуде. |
| 36. | Зейнеткерлерге қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндіктерін қарастыру | 2021 жыл,1 сәуір | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановҚ.Орынбасаров | Орындалуда. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, І-топ пен ауған соғысы мүгедектеріне қоғамдық көліктерде тегін жүруі қарастырылған. 7-15 жас аралығындағы балаларға жол жүру құнының 50 пайызын төлеп жол жүру құқығы бар. Жалпы зейнеткерлер үшін қоғамдық көлікте тегін жүру қарастырылмаған. |
| 37. | Ауданда ат спортын дамыту үшін ипподром ашу бойынша жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, нақты ұсыныс беру | 2021 жыл,1 шілде | Н.ЕсбосыновҚ.Орынбасаров | Орындалмаған. Ат спортын дамыту үшін ипподром ашу бойынша нақты ұсыныстар берілмеген. |
| 38. | Кенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің алдын абаттандырудың жоспар-кестесін әзірлеп, бекіту | 2021 жыл,1 наурыз | Ғ.ЕркебайН.КүзембаевҚ.Орынбасаров | Орындалуда. 2021 жылы Т.Айбергенов, Желтоқсан, Үмбет би, Қ.Ерімбет көшелері бойындағы көп қабатты тұрғын үйлер ауласын абаттандыру үшін ЖСҚ әзірленді. В.Счастнов-Желтоқсан көшелері бойындағы 2 қабатты тұрғын үйлер ауласын абаттандыру үшін тиісті бөлім арқылы жобалық сызбасына сәйкес тротуар, жол, жарықтандыру жұмыстарына ЖСҚ әзірленуде. |
| 39. | Кент ішілік көшелерді жарықтандырудың жоспар-кестесін әзірлеп, бекіту | 2021 жыл,1 наурыз | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановҚ.Орынбасаров | Орындалуда. Кентте 205 көше бар. Оның ішінде жарықтандырылғаны 72 көше, 1960 дана түнгі жарықшам бағанасы орнатылған.2021 жылы кенттегі 10 көшеге түнгі жарық шамдар орнатуға ЖСҚ әзірленді. Жобаны іске асыру үшін қаржыландыруға ұсынылуда (Р.Сабырбаев, Д.Өтегенов, Қазбек би, Т.Жароков, Ы.Жақаев, Қазбек би тұйығы, С.Аманов, Қ.Сатбаев, Привокзальная көшелері). |
| 40. | Кент ішілік көшелерге жаяу жүргіншілер жолын салу бойынша көшелер тізімін әзірлеп, бекіту | 2021 жыл,1 наурыз | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановҚ.Орынбасаров | Орындалуда. Әлеуметтік, қызмет көрсету нысандары орналасқан негізгі 17 көшеге ұзындығы 25 км құрайтын жаяу жүргіншілерге арналған жол салынған. 2021 жылға Жанқожа батыр көшесіне 19,3 млн теңге, Жалаңтөс батыр көшесіне 33,0 млн теңге бөлінді. Біржан сал, Т.Бөріқұлақов, С.Сүлейменов көшелеріне ЖСҚ әзірленуде. |
| 41. | Кент аумағында орналасқан қорымдардықоршау жұмыстарын жүргізу | 2021 жыл,1 қазан | Ғ.ЕркебайҚ.Орынбасаров | Орындалуда. Кент ішілік 11 қорымға қоршау жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы 5 кварталдағы орыс қорымды қоршау жұмыстарына байланысты мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. |
| Қазалы қаласы | ||||
| 42. | Қала көшелеріндегі аяқ суарықтарына лоток салу бойынша нақты көшелерді анықтап, бекіту | 2021 жыл,1 қазан | Ғ.ЕркебайР.Ізтілеу | Орындалуда. 2021 жылға Ш.Уалиханов көшесіне темір бетонды лоток орнату жұмыстарын жүргізу үшін 24,4 млн теңге бөлініп, қазіргі уақытта мердігер тиісті жұмыстарды жүргізуде. |
| 43. | Жыл соңына дейін қаланы газдандыружұмыстарын аяқтау | Жыл бойы | Ғ.ЕркебайН.КүзембаевР.Ізтілеу | Орындалуда. Қазалы қаласын газбен жабдықтау 2020-2021 жылдарға жоспарланған. Қазіргі уақытта жұмыстың 15 пайызы, яғни 9,0 шақырым газ құбыры жүргізілді. Жыл аяғына дейін жұмыстар аяқталатын болады. |
| 44. | Қала көшелерін жарықтандыру | 2021 жыл,1 қазан | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановР.Ізтілеу | Орындалуда. Қаладағы 10,72 км құрайтын 10 көшесін жарықтандыру мақсатында 124,1 млн.теңгеге ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Алдағы уақытта бюджеттік комиссияға ұсынылатын болады. |
| 45. | Қала көшелеріндегі электр жүйелерін (электр желілері мен бағаналары, трансформатор қондырғылары) қайта жаңғыртудың жоспарын әзірлеп, бекіту | 2021 жыл,1 наурыз | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановЕ.Мұхаш (к/б)Р.Ізтілеу | Орындалуда. Қазалы аудандық электр торабымен бірлесіп әзірленген елді мекендердегі электр желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізудің іс-шара жоспарына сәйкес қаланың электр желілерін жөндеу жұмыстары 2022 жылға жоспарланған. |
| 46. | Қазалы қаласынан тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін (инфрақұрылыммен қамту) әзірлеп, табыстау | 2021 жыл,1 қазан | Ғ.ЕркебайЕ.СейтовН.КүзембаевР.Ізтілеу | Орындалуда. Қала аумағынан инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 180 және 81 гектар жер учаскесіне азаматтардың кезектілігімен 2020 жылы 254 азаматқа табысталды. Қазіргі таңда қалған жер учаскелерді табыстау мақсатында тиісті бөлімдер тарапынан құжаттар әзірленуде. |
| Қорытынды жиын | ||||
| 47. | Аудандық маңызы бар жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу | 2021 жыл,1 қазан | Ғ.ЕркебайМ.Әбсұлтанов | Орындалуда. Ағымдағы жылы аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Әйтеке би кенті» 4,2 км автомобиль жолын қайта жаңғырту,«Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» 45-76 км автомобиль жолын күрделі жөндеу, «Қазалы-Көларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс» 0-33 км, «Басықара-Абай-Өркендеу» 0-20 км, «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» 16-30 км автомобиль жолын орташа жөндеу, «Әйтеке би - Қазалы» автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны 2,2 млрд теңгені құрайды. |
| 48. | Егістікке қажетті су көлемінің тапшылығын болдырмау үшін облыстық тиісті мекемелермен жұмыс істеп, ұсыныс беру | 2021 жыл,1 наурыз | К.НазымбековН.АманбайИ.Мусиров (к/б) | Орындалуда. «Қазалысушар» өндірістік учаскесі егістік жерлердің орналасу жағдайын ескере отырып, шаруашылықтарға кезектесіп су алу кестесін жасап, Сол жаға және Оң жаға арналарының өз ішінде кезек қою арқылы су беру жұмыстарын ұйымдастыратын болады. |
| 49. | Шәкен, Сарбұлақ ауылдарына гравий жол салу | Жыл бойы | Ғ.ЕркебайМ.Әбсұлтанов | Орындалған жоқ. «Әйтеке би-Басықара-Сарбұлақ» және «Әйтеке би-Шәкен» аудандық маңыздағы автомобиль жолына жөндеу жүргізу үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге 30,0 млн теңгеге өтінім берілді. Алайда жоба қолдау таппады. |
| 50. | Көпбалалы, тұрмысы төменотбасыларды тұрғын үймен қамту | 2021 жыл,1 қазан | Ғ.ЕркебайМ.ӘбсұлтановН.Күзембаев | Орындалуда. Көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларды тұрғын үймен қамту мақсатында республикалық бюджеттен 35 тұрғын үй сатып алу үшін 294,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Тұрғын үйлерді сатып алу жұмыстары алдағы айларда жүргізілетін болады. |
| 51. | Бұрынғы №170 мектептің орнына салынатын 250 орындық мектеп құрылысын 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқтау | 2021 жыл,1 қыркүйек | Ғ.ЕркебайН.Күзембаев | Орындалуда. Жоба облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан Жол картасына (ДКЗ) ұсынылды. Жоба құны – 1009,5 млн теңге. |
| 52. | Жайылымдық жерлерді суландыру, бұлақ (скважина) немесе шахталық құдық қазу жұмыстарын зерттеп, ұсыныс беру | 2021 жыл,1 наурыз | К.НазымбековН.АманбайИ.Мусиров (к/б) | Орындалуда. Ауданнан құрылған жұмысшы топ өкілдері елді мекендегі бұлақтардың жай-күйімен танысты. Нәтижесінде кезектілік жасалды. Бірінші кезекте 2021 жылға 4 ауылдық округ Қарашеңгел, Құмжиек, Шәкен және Арықбалық ауылдық округтерінен скважина жазу жұмыстарының ЖСҚ-әзірлеу үшін 2974,4 мың теңгеге бюджеттік өтінімі ұсынылды. |
| 53. | Азық-түлік тауарларыныңбағасын тұрақтандыру | Жыл бойы | К.НазымбековН.АманбайА.Бөріқұлақов | Орындалуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында наурыз айынан бастап облыстық тұрақтандыру қорынан айына екі рет көлік үстінде өнімдер сатуды ұйымдастыру, ІІ тоқсанда «Байқоңыр» ӘКК арқылы үш әлеуметтік дүкен ашу жоспарлануда. |
| 54. | Ақсуат ауылында ашылған 90 орындық балабақшада қосымша топ ашып, штат санын көбейтіп, логопед маман беру | 2021 жыл,1 сәуір | Ә.Жөлекешов (к/б)А.Әбілхан | Орындалуда. №9 «Балауса» бөбекжай балабақшасынан қосымша топ ашу үшін облыстық білім басқармасына тиісті бюджеттік өтінімдер тапсырылды. |
| 55. | Әйтеке би кентінде аяқ су мәселесін шешу бойынша жұмыстардың жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, нақты шаралар қабылдау | 2021 жыл,1 шілде | Ғ.ЕркебайҚ.Орынбасаров | Орындалуда. Бірінші кезекте қолда бар арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Аяқ су арығын қазуды қажет ететін ұзындығы 11,0 км болатын 10 көше анықталып, ЖСҚ әзірленуде. |