Кестеде көріп отырғандарыңыздай (қосымшада) аудан бюджетінің 2021 жылдың 1 қаңтарына түсімдер жоспары 26437500,7 мың теңгеге немесе 100,5 пайызға, өз кірістеріміз 1802272,9 мың теңгеге 111,9 пайызға, шығындар жоспары 26036156,2 мың теңгеге 99,0 пайызға орындалған. Бұл көрсеткіштер 2017 жылдың осы кезеңіндегі түсімдерден 179,0 пайызға, өз кірістерімізден 139,4 пайызға, шығыстар жоспарынан 185,0 пайызға, 2018 жылдың осы кезеңіндегі түсімдерден 141,7 пайызға, өз кірістерімізден 125,9 пайызға, шығыстар жоспарынан 141,3 пайызға, 2019 жылдың осы кезеңіндегі түсімдерден 114,0 пайызға, өз кірістерімізден 106,9 пайызға, шығыстар жоспарынан 114,2 пайызға артық орындалған.