Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес Қазалы ауданының әкімі, Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және барлық ауылдық округ әкімдері мен учаскелік полиция инспекторларының тұрғындармен өткізілген есепті кездесулерінде түскен ұсыныстардың І тоқсанға орындалуы
|
№ |
Ұсыныс мазмұны |
Орындалуына жауаптылар |
Орындалу мерзімі |
Орындалуы |
|
Басықара ауылдық округі (Басықара ауылы) |
||||
|
1. |
Ауылдағы фельдшерлік акушерлік пунктін қайта дәрігерлік амбулатория санатына енгізу |
Ә.Жарылқағанов К.Нысанова (к/б) |
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалуда. ҚР денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі №238 бұйрығы негізінде халық саны аз елді мекендеріндегі емдеу мекемелеріне оңтайландыру жұмыстары жүргізілген. Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2016 жылғы 31 қазандағы №1243 бұйрығына сәйкес «Басықара» дәрігерлік амбулаториясы фельдшерлік-акушерлік бекет болып қайта құрылған. |
|
Құмжиек ауылдық округі (Қ.Пірімов ауылы) |
||||
|
2. |
Ауылішілік жолдарды жөндеу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Б.Баймаханов |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. Ауыл ішілік жолдарды жөндеу үшін жоба сметалық құжаттары әзірленіп, «Ауыл ел бесігі» жобасына ұсынылды. |
|
3. |
Басықара каналы бойындағы көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Б.Баймаханов |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. «Басықара» каналы бойындағы көпір иесіз мүлік ретінде есепке қойылып, ауылдық округі әкімі аппаратының теңгеріміне алынды. (Жер актісі дайындалған). Жоба сметалық құжаты дайындалуда. |
|
Қарашеңгел ауылдық округі (Жалаңтөс ауылы) |
||||
|
4. |
Ауылішілік жолдарды жөндеу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, О.Жамшейітов |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. Т.Елеусізов және Ә.Тілеубаев көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2020 жылы аудандық бюджеттен 25,0 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілді. Қазіргі таңда мердігер мекемемен келісім-шарт жасалуда. Сонымен қатар Қызылой (55764,243 мың), Т.Ақжігітов (55764,243 мың), Жалаңтөс батыр (52483,994 мың), Ә.Тілеубаев (45923,494 мың), Қ.Пірімов (42643,245 мың), Ә.Мекешов (32802,495 мың) Мөлтек аудан (19681,498 мың) көшелерін жөндеу үшін жоба сметалық құжаттары әзірленіп, «Ауыл ел бесігі» жобасына ұсынылды. |
|
5. |
Ауылдағы электр жүйелерін (электр желілері мен бағаналары, трансформатор қондырғылары) қайта жаңғырту |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Е.Мұхаш (к/б), О.Жамшейітов |
2020 жыл, 1 шілде |
Орындалуда. Жалаңтөс батыр ауылындағы электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жоба алды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімінің аудан көлеміндегі (қала, кент 19 а/о) электр желілеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі 2020 жылғы 28 қаңтардағы №33 өкіміне сәйкес, 30 қаңтар – 5 ақпан аралығында елді мекендердегі электр желілеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді. |
|
Ғ.Мұратбаев ауылдық округі (Ғ.Мұратбаев ауылы) |
||||
|
6. |
Ауылға газ желісін жүргізу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, А.Рыстығұл |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. Ғ.Мұратбаев ауылын газдандыру үшін «ЮгГазПроект» ЖШС-нің демеушілігімен жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. (жоба құны – 270,4 млнтеңге) Жобаны қаржыландыру мақсатында облыстық, республикалық бюджетке ұсынылды. |
|
7. |
Ауылды аяқ сумен қамту үшін «Ақарық» каналының деңгейін қайта қарап, көктем-жаз мезгілдерінде тұрақты су берілуін қамтамасыз ету |
Ғ.Еркебай, И.Мусиров (к/б), А.Рыстығұл |
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалуда. «Ақарық» каналының Ғ.Мұратбаев елді мекені бөлігіне (4 км) механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу үшін жоба сметалық құжаттар әзірленіп (11368,607 мың теңге), облыстық табиғи ресурстар басқармасына ұсынылды. |
|
8. |
Ауылішілік жолдарды жөндеу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, А.Рыстығұл |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. Ғ.Мұратбаевтың 11 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарының жоба сметалық құжаттары әзірленіп, «Ауыл ел бесігі» жобасына ұсынылды. |
|
9. |
Ауылдағы «Балдаурен» балабақшасы ғимаратының 2-ші блогының шатырын ауыстыру |
Ғ.Еркебай, Қ.Жұбатқан, А.Рыстығұл |
2020 жыл, 1 шілде |
Орындалуда. «Балдаурен» балабақшасы ғимаратының 2-ші блогының шатырын ауыстыруға (6507,0 мың теңге) жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік комиссия қарауына ұсынылды. |
|
10. |
Мал бордақылау алаңдарын ашу үшін несие алу жолдарын қарастыру |
Б.Жарылқап, А.Бөріқұлақов, К.Еңсепов (к/б), А.Рыстығұл |
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалуда. Мал бордақылау алаңдарын ашу үшін 2 жеке кәсіпкердің құны 4 млн. теңге болатын жобасы әзірленіп, құжаттары ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорына ұсынылды. |
|
Арықбалық ауылдық округі (Жанқожа батыр ауылы) |
||||
|
11. |
Ауылдағы №94 орта мектептің және №24 «Жауқазын» балабақшасының алдына жол кедергілерін орнату |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, М.Қайруллаев |
2020 жыл, 1 шілде |
Орындалуда. Аудандық маңыздағы және елді мекен ішілік жолдарға жол белгілерін орнату (жол кедергілері) үшін жоба сметалық құжаттары әзірленіп (жоба құны 9,0 млн. теңге), мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. |
|
12. |
Ауылды аяқ сумен қамтамасыз ету және жайылымдық жерлерді суландыру үшін Ділімбет аша мен Р-3 каналдарына механикалық тазарту жұмыстарын жүргізу |
Б.Жарылқап, Н.Аманбай, И.Мусиров (к/б), М.Қайруллаев |
2020 жыл, 1 шілде |
Орындалуда. Ділімбет аша мен Р-3 каналдарының техникалық паспорты өткен жылдың желтоқсан айында дайындалды. Қазір аталған каналдарды республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде. |
|
Көларық ауылдық округі (Ақтан батыр ауылы) |
||||
|
13. |
Мал жайылымдық жерлерді ұлғайту |
Ғ.Еркебай, Е.Сейітов, С.Өмірзақов
|
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалды. 2017 жылы Көларық ауылдық округінің жер учаскесі (2017 жылғы 3 қарашадағы аудан әкімінің №234 қаулысы негізінде) бұрынғы 625 гектар жеріне 5268 гектар жер қосылып, жалпы көлемі 5893 гектарға ұлғайтылған. Оның ішінде, жайылымдығының бұрынғы 399 гектар жеріне 3323 гектар жер қосылып, жалпы көлемі 3722 гектарға ұлғайтылды. |
|
Сарыкөл ауылдық округі (Абай ауылы) |
||||
|
14. |
Ауыл ішілік жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Б.Ерқосаев |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. К.Жанділдаев көшесіне (1 шақырымына) орташа жөндеу және Ш.Уалиханов көшесінің (0,7 шақырымына) күрделі жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 40,0 млн. қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап жөндеу жұмыстары жүргізілуде. |
|
Қазалы қаласы |
||||
|
15. |
Қазалы қаласына газ желісін жүргізу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Р.Ізтілеу |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. Қазалы қаласын газдандыру үшін жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жоба құны 1,3 млрд. теңге. республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. |
|
16. |
Қала ішілік жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Р.Ізтілеу |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. Қазалы қаласының 8 шақырымды құрайтын 10 көшесін қайта жаңғырту (жоба құны 742,6 млн. теңге) жобасы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» негізінде республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Сонымен қатар, биылғы жылға «Жол картасы» аясында республикалық бюджеттен 40 млн. теңге қаржы қаралып, 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. |
|
17. |
Ветеринариялық станцияның құрылымдық өзгерістерін жеделдетіп, профилактикалық шараларды бастау |
Б.Жарылқап, С.Қуатов, Б.Әміреев, Р.Ізтілеу |
2020 жыл, 1 ақпан |
Орындалды. ҚР-ның «Ветеринария туралы» Заңына 2019 жылғы 27 қазанда енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес «Қазалы аудандық ветеринариялық станциясы» МКК вертикалды түрде облыстық ветеринария басқармасына қарады. Өзгерістерге сәйкес кәсіпорын құжаттары (жарғы) қайта даярланып, рәсімделді. Ауыл шаруашылығы жануарларын аса қауіпті жұқпалы аурулардан алдын алу бойынша 2020 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспары бекітіліп, іс-шаралар ақпан айынан бастап жүргізілуде. Бүгінгі таңға эпизоотиялық ахуал тұрақты. |
|
18. № |
Құрманғазы көшесіндегі 3 тұрғын үйге электр желісін тарту |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Р.Ізтілеу |
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалуда. Қазалы қаласында өздігінен жүргізіліп алынған (самастрой) құрылыс талаптарына сай келмейтін 4 км Вл 0,4 кВт электр желілері бар. Аталған аймаққа талапқа сай электр желісін тартып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын «ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту есебінен жүргізу мүмкіндіктері қарастырылуда. |
|
19. Т |
Әйтеке би кенті – Қазалы қаласы аралығына қатынайтын №1 бағыттағы қоғамдық көліктерді тері - жеңішке аурулар диспансері арқылы жүргізу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Р.Ізтілеу |
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалды. Әйтеке би кенті - Қазалы қаласы аралығына қатынайтын №1 бағыттағы қоғамдық көліктің жүру бағыты конкурстық комиссияның отырысында қаралып, қоғамдық көліктердің тері - жеңішке аурулар диспансері арқылы жүргізу сызбасы мақұлданып, бекітілді. №1 бағыттағы қоғамдық көліктің жүру бағытына байланысты қала халқымен 2020 жылғы 4 ақпанында мәжіліс өткізіліп, талқыланған. |
|
Алға ауылдық округі (Түктібаев ауылы) |
||||
|
20. |
Ауылдағы электр жүйелерін (электр желілері мен бағаналары, трансформатор қондырғылары) қайта жаңғырту |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, А.Төлемісов |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. Ү.Түктібаев ауылындағы электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жоба алды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімінің аудан көлеміндегі (қала, кент 19 а/о) электр желілеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі 2020 жылғы 28 қаңтардағы №33 өкіміне сәйкес, 30 қаңтар – 5 ақпан аралығында елді мекендердегі электр желілеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді. |
|
Ақжона ауылдық округі (Майдакөл ауылы) |
||||
|
21. |
Ауылдағы тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желісін жүргізу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Н.Сералиев |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. Майдакөл ауылына ауыз су сервистік желі жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Жоба құны 81,0 млн. теңге. Қаржыландыру үшін республикалық бюджетке ұсынылды. |
|
22. |
Ауылдағы электр жүйелерін (электр желілері мен бағаналары, трансформатор қондырғылары) қайта жаңғырту |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Н.Сералиев |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. Майдакөл ауылындағы электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жоба алды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімінің аудан көлеміндегі (қала, кент 19 а/о) электр желілеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі 2020 жылғы 28 қаңтардағы №33 өкіміне сәйкес, 30 қаңтар – 5 ақпан аралығында елді мекендердегі электр желілеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді. |
|
Майдакөл ауылдық округі (Бекарыстан би ауылы) |
||||
|
23. |
Ауылдағы электр жүйелерін (электр желілері мен бағаналары, трансформатор қондырғылары) қайта жаңғырту |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Ғ.Зейнадинов |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. Бекарыстан би ауылындағы электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жоба алды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. |
|
24. |
Ауылдағы ветеринариялық пунктке қосымша штат бірлігін бөлу |
Б.Жарылқап, С.Қуатов, Б.Әміреев, Ғ.Зейнадинов |
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалды. Бекарыстан би ауылындағы вет. пунктке 1 адам (ветпункт меңгерушісі) тұрақты, 2 адам маусымдық (вет. техник) жұмыс жасайды. Ағымдағы жылдың ақпанынан бастап, 2 адам (Ө.Ақбергенов, Т.Әли) маусымдық жұмысқа қабылданып, қазіргі уақытта ветеринариялық жұмыстар жүргізуде. |
|
Өркендеу ауылдық округі (Жанкент ауылы) |
||||
|
25. |
Ауылдық амбулаторияға жедел - жәрдем автокөлігін бөлу |
Ә.Жарылқағанов, Г.Нысанова (к/б), Н.Үргенішбай |
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалуда. Жанкент ауылдық амбулаториясына жаңа санитарлық автокөлік алу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс берілді. |
|
26. |
Ә.Тобаев көшесінің қалған (0,5 км) бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Н.Үргенішбай |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалды. Ә.Тобаев көшесінің қалған (0,5 км) бөлігіне жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 3,2 млн. теңге бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. |
|
27. |
Сырдария өзені бойындағы «Қарлан» көпіріне түнгі жарықшамдар қою |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Н.Үргенішбай |
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалуда. Сырдария өзені бойындағы «Қарлан» көпіріне түнгі жарықшамдар орналастыру үшін сенімгерлік басқарудағы мердігер «Қазалы жолшы» ЖШС-не тиісті тапсырмалар берілді. |
|
Бірлік ауылдық округі (Бірлік ауылы) |
||||
|
28. |
Ауылдағы электр жүйелерін (электр желілері мен бағаналары, трансформатор қондырғылары) қайта жаңғырту |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Ө.Өтеп-Әлі |
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалуда. Майдакөл ауылындағы электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жоба алды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. |
|
Аранды ауылдық округі (Қожабақы ауылы) |
||||
|
29. |
Сырдария өзені бойындағы «Қарлан» учаскесіне темір-бетон көпір құрылысын салу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Ә.Томаев |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. 2018 жылы облыстық бюджеттен 20 млн. теңге бөлініп, «Қарлан» учаскесіне көпір салу үшін техникалық экономикалық негіздемесі алынып, сараптамадан өткізілді. Биылғы жылға «Тека-Проект» ЖШС-гі тарапынан жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. |
|
Бозкөл ауылдық округі (Бозкөл ауылы) |
||||
|
30. |
Ауылдағы мектеп ғимаратының бір бөлігін балабақшаға бейімдеу |
Ғ.Еркебай, Б.Қали, Қ.Жұбатқан, А.Бөлебай |
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалуда. Қ.Ерімбет атындағы №96 орта мектепке күрделі жөндеу жүргізу үшін (жоба құны 100,0 млн.) жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық бюджетке ұсынылды. |
|
31. |
Мемлекеттік жекешелік әріптестік негізінде ауылға дәрігерлік амбулатория салу |
Ғ.Еркебай, Г.Нысанова (к/б) Қ.Жұбатқан, А.Бөлебай |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. Бозкөл ауылынан типтік жобада дәрігерлік амбулаторияны мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде салу үшін жобаның конкурсттық құжаттары әзірленді. Жоба мемлекеттік жекешелік – әріптестік аясында сарапаттамадан өткізілді Емхана құрылысына инвестор іздеу жұмыстарының нәтижесінде «АРИОН ЛТД» ЖШС-не ұсыныс жасалып, қазіргі таңда есептеу жұмыстарын жүргізуде. |
|
32. |
Ауыл ішілік жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, А.Бөлебай |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. А.Жолжанов көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен бөлінген 19,0 млн. теңге қаржы (мердігер мекеме «Сарым Құрылыс») бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. |
|
Қызылқұм ауылдық округі (Кәукей ауылы) |
||||
|
33. |
Ауыл ішілік жолдарды жарықтандыру |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, О.Мүсілім |
2020 жыл, 1 шілде |
Орындалуда. Ауыл ішілік жолдарды жарықтандыру үшін (құны 8,0 млн. теңге) жоба - сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік комиссия қарауына ұсынылды. |
|
34. |
Ауылға типтік жобадағы клуб ғимаратын салу |
Ғ.Еркебай, Қ.Жұбатқан, Б.Жолтаев, О.Мүсілім |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. Кәукей ауылынан типтік жобада клуб ғимаратын салу үшін жобалау іздестіру жұмыстары жасауда. |
|
35. |
Көне емхана ғимаратын балабақшаға бейімдеу |
Ғ.Еркебай, Қ.Жұбатқан, О.Мүсілім |
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалуда Кәукей елді мекеніндегі көне емхана құжаттары рәсімделуде. |
|
Тасарық ауылдық округі (Тасарық ауылы) |
||||
|
36. |
Ауыл ішілік жолдарды жарықтандыру |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, М.Сұлтамұратов |
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалуда. Тасарық, Лақалы елді мекендеріндегі жолдарды жарықтандыру үшін (құны 9,2 млн.) жоба сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік комиссия қарауына ұсынылды. Тасарық ауылына 5 313 255 теңге, Лақалы ауылына 3 900 055 теңге, барлығы 9 213 310 теңгеге. |
|
Майлыбас ауылдық округі (Ақсуат ауылы) |
||||
|
37. |
Байқожа елді мекеніндегі №258 негізгі мектеп жанынан спорт секциясын ашу |
Ә.Жарылқағанов, Н.Есбосынов, А.Әбілхан |
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалуда. Байқожа елді мекеніндегі №258 негізгі мектеп жанынан спорт секциясын әлеуметтік тапсырыс негізінде ашу жұмыстары жүргізілуде. |
|
38. |
Ауыл ішілік көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, А.Әбілхан |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 19,8 млн. теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. |
|
39. ( |
Байқожа елді - мекеніндегі жылжымалы паромды қалпына келтіру |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, А.Әбілхан |
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалуда. Байқожа елді - мекеніндегі жылжымалы паромды қалпына келтіруге қажетті құрал жабдықтар көлемі нақтыланып, есептемелер әзірленуде. |
|
Сарыбұлақ ауылдық округі (Сарыбұлақ ауылы) |
||||
|
40. |
Ауылға ұялы байланыс желісін орнату |
Ә.Жарылқағанов, Ш.Өксікбаев (к/б) А.Қылышбаев |
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалуда. Сарбұлақ, Шәкен, елді мекендеріне ұялы байланыс және кең жолақты интернет желісін орнату жөнінде («Кар-Тел» ЖШС-гі мен «Транстелеком» АҚ-ы) тиісті мекемелерге ұсыныс хат жолданды. Аудан әкімінің 2020 жылдың 31 қаңтар №1/3-8/261 санды, 2020 жылдың 31 қаңтар №1/3-8/260 санды қатынас хаттымен |
|
41. |
Ауыл ішілік көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, А.Қылышбаев |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. Сарыбұлақ ауылынан 1 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, «Жол картасы» жобасына ұсынылды. |
|
Шәкен ауылдық округі (Шәкен ауылы) |
||||
|
42. |
Шәкен ауылына баратын жол салу үшін ұсыныс енгізу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Т.Кималов |
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалуда. Шәкен ауылына баратын жол (110 км) аудандық маңыздағы жол есебінде меншікке алынды. Бүгінгі таңда техника экономикалық негіздеме әзірлеу үшін қажетті (30,1 млн. теңге) қаржы көлемі есептелініп, облыстық бюджетке ұсынылды. |
|
43. |
Шәкен ауылын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Т.Кималов |
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалуда. Облыс әкімінің 2023 жылдың соңына дейін елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамту жол картасы бекітілген. Жол картаға Шәкен, Шилі, Шөлқұм елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жоспары енгізіліп, 2020-2021 жылдарға облыстық, республикалық бюджеттерден қаржыландыру арқылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. |
|
44. |
Ауылдағы дәрігерлік амбулаторияны фельдшерлік акушерлік пункті санатына ауыстымау мүмкіндігін қарастыру |
Ә.Жарылқағанов, Г.Нысанова (к/б), Т.Кималов |
2020 жыл, 1 наурыз |
Орындалуда. ҚР денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі №238 бұйрығы негізінде халық саны аз Шакен елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияны, фельдшерлік-акушерлік бекет санатына ауыстыру жоспарланған. Дегенмен, оңтайландыру жұмыстары кейінге шегерілуде. |
|
Әйтеке би кенті |
||||
|
45. |
Аудандық полиция бөлімінің патрулдік полиция қызметкерлерінің штат санын арттыру |
Ә.Жарылқағанов, С.Арынов (к/б), |
2020 жыл, 1 сәуір |
Орындалуда. Аудандық полиция бөлімінің патрулдік полиция қызметкерлердің штат санын арттыру жөнінде облыстық полиция департаментіне ұсыныс берілді. |
|
46. |
Жаңа талаптарға сай аялдамалар орнату |
Ғ.Еркебай, Қ.Орынбасаров |
2020 жыл, 1 шілде |
Орындалуда. 2020 жылы кентке 9 жаңа аялдамалар орнату жоспарланған. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Гетта груп» ЖШС-мен келісім - шарт жасалып, (жоба құны 7,9 млн.) аялдамалар дайындалу үстінде. |
|
47. |
В.Счастнов тұйығы көшесін жөндеп, жарықтандыру |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Қ.Орынбасаров |
2020 жыл, 1 шілде |
Орындалуда. В.Счастнов тұйығы көшесін жарықтандыру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. |
|
48. |
М.Шоқай көшесін жарықтандырып, жаяу жүргіншілер жолын салу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Қ.Орынбасаров |
2020 жыл, 1 шілде |
Орындалуда. М.Шоқай көшесін жарықтандырып, жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. |
|
49. |
В.Счастнов көшесі бойындағы көп қабатты тұрғын үйлерге (5 қабатты) тәулік бойы ауыз сумен қамтамасыз ету |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Ә.Ахмет (к/б), Қ.Орынбасаров |
2020 жыл, 1 ақпан |
Орындалды. В.Счастнов көшесі бойындағы көп қабатты тұрғын үйлер (5 қабатты) тәулік бойы ауыз сумен қамтамасыз етілген. |
|
50. |
С.Сейфуллин көшесін жөндеу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Қ.Орынбасаров |
2020 жыл, 1 шілде |
Орындалуда. С.Сейфуллин көшесін жөндеу жұмыстарының жоба - сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік комиссия қарауына ұсынылды. |
|
51. |
Жетес би көшесіне жол белгілерін орнату |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Қ.Орынбасаров |
2020 жыл, 1 шілде |
Орындалуда. Аудандық маңыздағы және елді кент ішілік жолдарға жол белгілерін орнату (жол кедергілері) үшін жоба сметалық құжаттары әзірленіп (жоба құны 9,0 млн. теңге), мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. |
|
52. А |
А.Айбосынов (тұйығы) көшесін жөндеу |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Қ.Орынбасаров |
2020 жыл, 1 шілде |
Орындалуда. А.Айбосынов (тұйығы) көшесін жөндеу жұмыстарының жоба - сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік комиссия қарауына ұсынылды. |
|
Әйтеке би кенті (қорытынды есеп беру) |
||||
|
53. |
Бозкөл, Кәукей ауылдарына амбулаториялық емхана салу |
Ғ.Еркебай, Г.Нысанова (к/б) Қ.Жұбатқан |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. Кәукей және Бозкөл ауылдарынан типтік жобада дәрігерлік амбулаторияны мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде салу үшін жобаның конкурсттық құжаттары әзірленді. Жоба мемлекеттік жекешелік - әріптестік аясында сарапаттамадан өткізіліп, 2 рет конкурс жарияланды. Алайда, әріптес болуға ұсыныс білдіруші жоқ. Қазіргі таңда конкурсты 3-ші рет жариялауға құжаттары дайындалуда. |
|
54. |
Бекарыстан би ауылына 50 орындық балабақша салу |
Ғ.Еркебай, Б.Қали Қ.Жұбатқан, Ғ.Зейнадинов |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізде 75 орындық балабақша салу үшін ЖК Б.Сансызбаевқа 0,30 га жер учаскесі беріліп, тиісті құжаттары рәсімделді. Құрылыс жұмыстарын мамыр айында бастау жоспарланып отыр. |
|
55. |
Әйтеке би кент ішілік көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жарықтандыру |
Ғ.Еркебай, М.Әбсұлтанов, Қ.Орынбасаров |
2020 жыл, 1 қазан |
Орындалуда. Биылғы жылы Әйтеке би кент ішілік көшелерге (12 көше) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 92,8 млн. теңге бөлініп, №3 кварталдағы 2 көшеге, №4 кварталдағы 5 көшеге және Жәмет жырау көшесіне қиыршық тас қабатын төсеуі жұмыстары жүргізілуде. Ал, қалған 4 көшеге жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу корнкурсы жүргізілуде. Сонымен қатар Е.Көшербаев көшесіне түнгі жарықшамдар орнату (Қ.Пірімов-Т.Бөріқұлақов көшелері аралығы) үшін аудандық бюджеттен 2,6 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу корнкурсы негізінде мердігер мекемемен («N-Строй сервис» ЖШС-мен) келісім-шарт жасалды. Құрылыс жұмыстары сәуір айының аяғында басталады. |