2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Қазалы ауданының Аранды және Құмжиек ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңынының 113-5 бабы, 9-тармағына сәйкес, Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы  11 қыркүйектегі №72/119, №73/120, №74/121, №75/122, 76/123 және №77/124 шешімдерімен 2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Қазалы ауданының Аранды және Құмжиек ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына кандидаттар болып тіркелді:

  1. Нагашыбаев Муратбек Тунгышбаевич – 1985 жылы туған, қазақ, Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары. Қазалы қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

  2. Ерімбетов Талант Болатұлы – 1992 жылы туған, қазақ, «Қазалы қаласы әкімі аппараты» КММ-нің бас маманы, Қазалы қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

  3. Толыбаев Нурлан Бахытович – 1983 жылы туған, қазақ, «Әйтеке би кенті әкімі аппараты» КММ-нің бас маманы. Әйтеке би кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

  4. Томаев Абилгазы Аймаганбетович - 1967 жылы туған, қазақ, Аранды ауылдық округінің әкімі. Қожабақы ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

  5. Тлеужанов Жанболат Койшыбаевич - 1972 жылы туған, қазақ, «Өркендеу ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің бас маманы. Жанкент ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

  6. Курманбаев Дауренбек Ерназарович – 1987 жылы туған, қазақ, «Майлыбас ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің бас маманы. Әйтеке би кентінде  тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

 

Дата публикации
11 сентября 2026