Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №512 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы  

 

 

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №512 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 12226062,7 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 3155050 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 40334 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;

арнаулы түсімдер – 0;

трансферттер түсімдері – 9030678,7 мың теңге;

2) шығындар – 15415448,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 42619 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 320050 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 277431 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3232004,9 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –             3232004,9 мың теңге;

қарыздар түсімі – 4907689 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1864014 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 188329,9 мың теңге».

Көрсетілген шешімнің 1 – қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
03 августа 2026